Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 975 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2, 4, 8, 12, 13, 17 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 975 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
«23) бюджеттік сұранымға есеп-қисаптарды дайындау қағидаларын және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішінде оны келісу мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
2-тармақ осы Жарлықтың 2-тармағына сәйкес 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі  
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

562

Полная версия
ИС BestProfi