Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2025
Құрылыс ресурстары классификаторын бекіту туралы (Ред. 24) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 124-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 20.10.2025 жылғы № 136-НҚ Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары Классификаторы бекітілсін (Ред. 24).
2. «Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы (Ред.23)» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының 2025 жылғы 14 тамыздағы № 120-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Б. Жүнісбеков
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2025 жылғы «12» қыркүйекте № 124-НҚ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Полная версия

