Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1146 қаулысы
Редакция 20.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Халықаралық шарттарға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін кызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатының оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1146 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
1. Қызметінің негізгі нысанасы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің базасында экологиялық қауіпсіз жаңа "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін (бұдан әрі – "Бәйтерек" Ғ3К) құру болып табылатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" Ғ3К құру туралы келісімге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер:
1) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын техникалық және старттық кешендердің жабдығына ревизия жүргізу, бөлшектелетін жабдықтың құрамын анықтау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау;
2) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын техникалық және старттық кешендердің құрылыс конструкциялары мен инженерлік-техникалық жүйелерін қарап тексеру;
3) "Бәйтерек" ҒЗК-ға техникалық жобаны әзірлеу, агрегаттардың, старттық және техникалық кешендер жүйелерін жаңаларын жасау және жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмалар беру, инвестицияларды негіздеу үшін бастапқы деректерді беру;
4) старттық және техникалық кешендердің, жердегі жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан жасалатын және жетілдірілетін технологиялық агрегаттары мен жүйелеріне эскиздік жобалар мен конструкторлық құжаттама шығару;
5) техникалық тапсырмаларды, бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу, "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанатын старттық және техникалық кешендер жабдығының белгіленген көрсеткіштерін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қорытындылар беру;
6) "Бәйтерек" ҒЗК жұмыстарында пайдаланылмайтын жабдықты бөлшектеу;
7) кешеннің құрылыс бөлігіне бастапқы деректерді беру, старттық және техникалық кешендерді реконструкциялауға арналған инвестициялардың негіздемесін әзірлеу;
8) жобаның жұмыс құжаттамасының негізінде іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Полная версия
ИС BestProfi