Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37230 болып тіркелді
1. «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт), осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Cтандарттың 5 және 17-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Альназарова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 115
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 49 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Осы Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-тармағының 32) тармақшасына, 138-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары (бұдан әрі – МСАК мамандары) – жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевттер, педиатр, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген практика мейіргерлері (жалпы практика), учаскелік мейіргерлер, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер, психолог.
2) бейінді маман – денсаулық сақтау саласында сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері;
3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі бақылау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Полная версия
ИС BestProfi