Близость слов: Окончание:





Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37241 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шот-фактураны жазып беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шот-фактура нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 629
бұйрыққа 1-қосымша
1. Осы Шот-фактураны жазып беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 207-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру тәртібін айқындайды.
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шот-фактураны (бұдан әрі – шот-фактура) салық төлеуші қағаз жеткізгіште шот-фактураны жазып беретін Салық кодексінің 209-бабының 1-тармағында және 492-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) қатысушысы ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жазып береді.
2. Электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
3. Салық төлеуші Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағына сәйкес электрондық нысанда алынған ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) сомасын таныған жағдайда, ЭШФ АЖ-де ҚҚС-ның осындай сомасы есепке жатқызылатын сома ретінде есепке алынған ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі жасайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi