Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының 5) және 12) тармақшаларына, 113-бабының 2-тармағына, 122-бабының 1 және 4 тармақтарына, 510-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қазанда № 37255 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.10.2025 жылғы № 637 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтарды, бюджетке төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығына 1-қосымша
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 21-бабының 5) және 12) тармақшасына, 510-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу, оның ішінде «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды мен қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) артық төлем – ағымдағы жылдың алдындағы жылдың жеке шотынан есеп айырысу сальдосын ескере отырып, ағымдағы жылдың жеке шотында көрсетілген салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұлдар, айыппұлдар, әлеуметтік төлемдер сомаларының төленген (есептелген, қайтарылған минуспен) және есептелген, есепке жазылған (азайтылған минуспен) арасындағы оң айырма;
2) есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адам – салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған (есептелген, азайтылған) және төленген (есептелген, қайтарылған) сомаларының, сондай-ақ жеке шоттардағы өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының және есептілікті жасаудың дұрыс жүргізілуін бақылау функцияларын орындайтын адам;
Полная версия

