Близость слов: Окончание:





Ұлттық пошта операторының, ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37493 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19 тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық пошта операторының, ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы  Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 79 қаулысымен
бекітілді
Ұлттық пошта операторының, ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Ұлттық пошта операторының, ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ««Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 448) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, кезеңділiгі мен оны ұсыну мерзімін қоса алғанда, Ұлттық пошта операторының, ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық форматта ұсынылады.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде ақпаратты жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер табылған жағдайда ақпараттық жүйе ақпаратты қабылдамайды.
4. Есептегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын банктік емес ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi