«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37567 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 3-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«3. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 86 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, ұсыну кезеңділігі мен мерзімін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Ұйымдар ұсынатын есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – теңгемен көрсетіледі.
Полная версия

