Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 782 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда № 37601 болып тіркелді
1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі    М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 782 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi