Близость слов: Окончание:





Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10760 тіркелді
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн; 
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 жылғы № 728 Бұйрығымен (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес (15.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі 03.07.2023 жылғы № 734 Бұйрығына сәйкес (03.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.12.2024 жылғы № 895 Бұйрығына сәйкес (03.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 04.08.2025 жылғы № 419 Бұйрығымен (30.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.12.2025 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (04.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
3. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялар тізбесі бойынша халықаралық іскерлік операцияларды және кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 (екі жүз елу мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, операцияларды жүзеге асыратын мәмілелерге қатысушылар осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты», «Тауарлар экспорты», «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар», сондай-ақ осы Қағидаларға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша «Тауарлар импорты», «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік нысандар) ұсынады.
Есептілік нысандар осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей ұсынылады. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Толтырылған есептілік нысандары мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және түзету жүйесі (бұдан әрі – МКО АЖ) арқылы - ақпаратты компьютерлік түзетуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Есептілік нысандар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Полная версия
ИС BestProfi