Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР. БАНК ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) ақпараттандыру объектілері – банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, оның ішінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиентпен деректер (мәліметтер) алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
2) әмбебап банк лицензиясы – уәкілетті органның банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиясы;
3) базалық банк лицензиясы – уәкілетті органның банкке осы Заңда базалық банк лицензиясы бар банк үшін белгіленген шектеулер мен ерекшеліктер ескеріле отырып, банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиясы;
4) бақылау – мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) пайдаланған және (немесе) оларға билік еткен;
бір тұлғаның заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясының немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігіне қосқан;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлға бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
5) банк – коммерциялық ұйым болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы Заңға сәйкес банк лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға;
6) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
7) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан (бұдан әрі – банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар) тұратын заңды тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар тобы.
Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын еншілес ұйымдар және капиталына Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдар кірмейді;
8) банк лицензиясы – әмбебап банк лицензиясы, базалық банк лицензиясы және (немесе) исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия;
9) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – банк болып табылмайтын, уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға;
10) банктің ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес:
Полная версия

