Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар бағыттарының 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығы
1.Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар бағыттарының 2026 жылға арналған тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері, Этносаралық қатынастарды дамыту комитеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіВедомстволық бюджеттік комиссиясының 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 01-09/ХАТТАМА//2-ВБК хаттамасы.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ведомстволық бюджеттік комиссиясының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 01-09/хаттама//7-ВБК хаттамасы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – А. Балаева Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 52-НҚ бұйрығымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған бағыттарының тізбесі
|
№ р/с |
Заңның |
Мемлекеттік гранттың бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және грантты іске асыру мерзімі |
Грантты іске асыру аумағы (осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес) |
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар |
| Азаматтық қоғам істері комитеті | ||||||||
|
|
Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу |
Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру
|
Бүгінгі күні республикада 264 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның құрамына Қазақстанның шамамен 4000 азаматы кірген. Қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте жекелеген, арнайы мәселелерді қарау барысында сарапшыларды тарту қажеттілігі туындайды. Алайда практика көрсеткендей, оларды қаржыландыру мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Қоғамдық кеңестер сайланған сәттен бастап дербестік пен тәуелсіздік қағидаттары негізінде қызмет етеді. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенді қатысуы әртүрлі жобаларды жүзеге асыруға және алынған тәжірибені жұмыс тиімділігін арттыру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Жұмысты жүйелеу және тәжірибемен тұрақты алмасуды қамтамасыз ету мақсатында өңіраралық аймақтық кездесулер өткізу маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар халықты қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпараттандыру, ашықтықты арттыру және халықпен өзара іс-қимылдың цифрлық арнасын қамтамасыз ету, ақпараттық қолдау мәселесі өзекті болып қала береді. Мәселен, 2021 және 2023 жылдардағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндамалар деректеріне сәйкес кеңестердің қызметі халыққа белгілі бола қойған жоқ және қоғамдық кеңестер арасында коммуникацияның жоқ екендігі жөнінде шағымдар болды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің халықпен негізгі онлайн алаңы ретінде www.kazkenes.kz платформасын пайдалануға азаматтардың кеңінен жұмылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ интерфейсті, интерактивті мүмкіндіктерді кеңейтуді және заманауи коммуникация құралдарын біріктіруді жаңғырту қажет, бұл азаматтардың алаңдағы жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң аясында қоғамдық кеңестердің мүшелері қоғамдық бақылауды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Осыған қарамастан, қоғамдық кеңестердің қызметіне тартылу деңгейін арттыру үшін іс-шараларды ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету және олардың бастамаларын қолдау қажет. |
2026 жыл – 28 250
2027 жыл – 42 942 |
1 орта мерзімді грант
2026-2027 жылдар |
17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қала
|
Нысаналы индикатор: 1) Өңіраралық диалог алаңдарына тартылған жергілікті қоғамдық кеңестер мүшелерінің үлесі – қоғамдық кеңестер мүшелерінің жалпы санының кемінде 50%-ы (жыл сайын). 2) www.kazkenes.kz интернет-порталын белсенді қолданушылар санының жыл сайынғы өсуі – кем дегенде 10%. 3) Шағын гранттар шеңберінде қоғамдық бақылауды жүргізуге тартылған қоғамдық кеңестерді қамту – кемінде 10 қоғамдық кеңес (жыл сайын). 4) Республикалық деңгейдегі 1-ден кем емес іс-шара өткізу (жыл сайын).
Күтілетін нәтиже : 1) Қоғамдық кеңестер үшін мына бағыттар бойынша кемінде 5 өңіраралық диалог алаңдарын ұйымдастыру және өткізу: қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру, қоғамдық кеңестердің жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану және т.б. – жыл сайын.
17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаланың қоғамдық кеңестерінің кемінде 70 мүшесінің қатысуымен қоғамдық кеңестер Форумы – 2026 жыл. 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаланың қоғамдық кеңестерінің кемінде 200 мүшесінің қатысуымен Республикалық қоғамдық кеңестер Мәжілісі – 2027 жыл.
|
|
|
|
Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті |
|||||||
|
|
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту
|
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру
топтарының жұмысын жетілдіру |
Әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін жарияланымдардың таралуына байланысты, халықтың құқықтық және медиа сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықты этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы хабардар ету мақсатында ақпараттық және түсіндіру іс-шараларын жүргізуді күшейту қажет . ф |
2026 жыл – 30 026 мың тг. 2027 жыл – 30 026 мың тг.
|
1 орта мерзімді грант 2026-2027 жылдар |
2026 жылы – Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы, Шымкент қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Ұлытау облысы.
2027 жылы – Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы. |
Нысаналы индикаторлар:
1. Оқыту қорытындылары бойынша біліктілігін арттырғанын көрсеткен ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің үлесі – өңірдегі ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің жалпы санынан жыл сайын кемінде 50% (сауалнамалар мен анкета нәтижелері бойынша). 2. Құқықтық және медиасауаттылық деңгейінің артқанын, сондай-ақ патриоттық сананың қалыптасқанын көрсеткен жобаға қатысушылардың үлесі – іс-шараларға қатысушылардың жалпы санынан жыл сайын кемінде 70%. (сауалнамалар мен анкета нәтижелері бойынша). 3. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ауылдық және шалғай елді мекендерді қамту үлесі – жыл сайын жалпы қамтудың кемінде 30%.
Күтілетін нәтижелер: 1. Еліміздегі қоғамдық келісімді сақтау мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, халықтың құқықтық және медиасауаттылығын арттыруға (оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 174 және 180-баптарын түсіндіру бойынша) бағытталған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, уәкілетті органмен келісілген қазақстандықтар арасында танымал, кемінде 100 мың қазақстандық жазылушысы бар онлайн-платформалардың аккаунттарында ай сайын кемінде 3 материал (қазақ және орыс тілдерінде инфографика, бейнеролик және басқа форматтағы контент) орналастыру. . 2. Халықтың құқықтық және медиасауаттылығын арттыруға, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы ақпараттандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру. Іс-шаралар офлайн форматта еңбек ұжымдарында (әсіресе қызмет көрсету саласында) , білім беру ұйымдарында және өзге де орындарда республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін тарта отырып өткізіледі. Қамту – әр өңірде кемінде 1000 (мың) адам:
- 2026 жылы – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Абай облысы; - 2027 жылы – Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы.
3. Этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдықтары, сондай-ақ құқықтық, этносаяси және медиасауаттылық мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін офлайн форматта арттыру. Оқытуға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кемінде 5 (бес) мүшесі қатысады және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының кемінде 50 (елу) пайызы қамтылады:
- 2026 жылы – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана қаласы, Шымкент қаласы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары; - 2027 жылы – Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы. |
|
|
|
2026 жылға БАРЛЫҒЫ |
|
58 276 |
|
||||
|
|
2027 жылға БАРЛЫҒЫ |
|
72 968 |
|
||||

