БҰЙЫРАМЫН:
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 17 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38198 болып тіркелді
1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
«4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат бойынша уәкілетті адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «цифрлық үкімет» веб-порталы, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті көрсетілетін қызметті беруші Порталда өңдейді.
Діни бірлестіктің жеке басын куәландыратын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;
«Құжаттар топтамасы бар қалыптастырылған өтініш көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) почта байланысы арқылы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.»;
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
«Құжаттар топтамасы бар қалыптастырылған өтініш/өтінішхат көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) почта байланысы арқылы және (немесе) цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.»;
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
Полная версия

