БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38412 болып тіркелді
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері емтихан тапсыру қағидаларында:
«1.Өнеркәсіпті қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты емтихан комииссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруының осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Азаматтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ тұрақты емтихан комиисиялары (бұдан әрі - ТЖЕК) мүшелерінің емтихан тапсыру тәртібін анықтайды.»
«6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.»;
«7. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың 2- қосымшасына сәйкес белгіленеді.»;
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.»;
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.»;
«18-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде «цифрлық үкімет» операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.»;
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтары және 1, 2, 3-қосымшаларды қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.»
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ч. Аринов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 156 Бұйрыққа 1 -қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы]
Басшысына
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруге ӨТІНІШ
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес сізден басшылардан және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихандар қабылдауыңызды сұраймын
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)
1. ___________________________________________________________________
2. ___________________________________________________________________
3. ___________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________________________
(Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді бергені үшін жауаптылық туралы хабардармын.
____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]
Бұйрыққа 2-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
|
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруы» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
- |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
«Цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күні |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (толық цифрландырылған) |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады. |
|
7 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
8 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен. 2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
9 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады. |
|
11 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы; 2) www.egov.kz порталда. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: «1414», +7 (800) 080 7777. |
Бұйрыққа 3-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына 3-1-қосымша
нысан
Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтауға қойылатын ең төменгі техникалық талаптар
1. Тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсыратын тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы сәйкестендіруден өтеді
2. Тестілеуге кіргізу кезінде қол немесе рамалық типтегі металл іздегіштер пайдаланылады. Металл іздегіштерді тестілеуге кіргізу кезінде қолдану тестілеуді өткізу барысында емтихан тапсыратын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып кіруіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Тестілеуді бастау үшін емтихан тапсыратын тұлға биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы қажет.
4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (процессор — кемінде Intel Core i3, жедел жад — кемінде 4 Гб), үй-жайларды ауа баптау жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс.
5. Әрбір жұмыс станциясы тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталуы тиіс.
6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне және аудиобақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу пункттеріндегі аудиториялар жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы тиіс.
8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы әрі киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.


Бұйрыққа 2-қосымша