Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 мамырда № 1258 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші;
2) қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын, 2-тармағының 3) тармақшасынқоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 2 мамырдағы
№ 1258 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру саласында, цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган.»;
«16) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету;
16-1) цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін цифрлық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өтеусiз жəне заңнамалық актiлерде коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;»;
Полная версия
ИС BestProfi