БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38731 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген тізбедегі 1-тармақтың үшінші абзацын, 2-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 3-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он жетінші, жиырма бірінші, жиырма үшінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 4-тармақтың бесінші, сегізінші, оныншы, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші және отыз алтыншы абзацтарын, 5-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 6-тармақтың үшінші абзацын, 7-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 8-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он төртінші және он сегізінші абзацтарын, 9-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз екінші, отыз сегізінші, қырық төртінші және елуінші абзацтарын, 10-тармақтың үшінші абзацын, 11-тармақтың үшінші абзацын, 12-тармақтың үшінші абзацын, 13-тармақтың үшінші абзацын, 14-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 15 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9061 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар мен нұсқамаларды жасау мен шығару қағидаларында:
1-тармақтың үшінші абзацы осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның «цифрлық үкіметтің» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.».
2. «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
2-тармақтың үшінші абзацы осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Полная версия

