Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38739 болып тіркелді
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. Қағидалардың 38-тармағы 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«38. Құпиялық белгiсi бар немесе «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгiсi бар құрылыс жобаларын қарау кезiнде ЖСҚ-ның қағаз түрiндегi түпкiлiктi нұсқасы тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), лауазымы, сертификаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген сарапшылардың мөрiмен куәландырылады және құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешендi сараптамасы аяқталғаннан кейiн бақылау архивтiк данасы ретiнде Тапсырыс берушiге қайтарылады.».
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 Бұйрыққа 1 қосымша
Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар:
жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;
аяқталмаған құрылыс немесе өз бетінше салу объектілері бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді;
Полная версия

