Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1315 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының екінші және үшінші, 2-тармағының екінші және үшінші, 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын, 2-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының он жетінші, отыз төртінші абзацтары және 2-тармағының жиырма алтыншы абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсыну;»;
«32) жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;»;
«жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу тәртібін;».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 15 маусымдағы
№ 1315 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
Полная версия
ИС BestProfi