1. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 318-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«бір жүз жиырма айлық» деген сөздер «бір жүз елу айлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір жүз жиырма сағатқа» деген сөздер «бір жүз елу сағатқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
«отыз» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жылға» деген сөздер «екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің жетінші абзацында:
«екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төрт жүз» деген сөздер «сегіз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір жылға» деген сөздер «үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«5-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің, ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімін есептеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген кезден бастап қайта басталады.»;
Полная версия

