Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi
1-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267  Конституциялық заңымен(24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi
2-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Үкiмет Республика Конституциясының , осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
3-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.
3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi
Конституциялық Заң 3-1-баппен толықтырылды ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".
1-тармақтың екінші абзацы өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.
4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi
4-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңынмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)  
4-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңына сәйкес (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.
2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Полная версия
ИС BestProfi