Близость слов: Окончание:





Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Заңы
Құжат мәтініндегі «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» сөздермен;
«жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» сөздермен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы №548-IV Заңымен (20.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-IV Заңымен (20.07.2011  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
1-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бөрене тілу – ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
2-1) дәстүрлі жер пайдалану – табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) – судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
Полная версия
ИС BestProfi