Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39-III Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Құжат мәтініндегі «мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедекті», «мүгедектің», «мүгедек», «мүгедектерге», «мүгедекке», «Мүгедектерді», «мүгедектер», «Мүгедектердің», «Мүгедекті», «Мүгедектерге», «Мүгедектер», «мүгедек балалардың», «мүгедек бала», «мүгедек балаларға», «мүгедек балаларды», «мүгедек балалар», «Мүгедек балаларды», «оңалтудың жеке бағдарламасы», «оңалтудың жеке бағдарламасына», «оңалтудың жеке бағдарламасының», «оңалтудың жеке бағдарламаларының», «оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамды», «мүгедектігі бар адамның», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамға», «Мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адамдардың», «Мүгедектігі бар адамды», «Мүгедектігі бар адамдарға», «Мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаларға», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар балалар», «Мүгедектігі бар балаларды», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-1) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi; 
4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi; 
5) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (26.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2007 жылғы №222 Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)27.01.2007жылғы „Егемен Қазақстан„Республикалық газетінде жарияланды
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;
6-тармақша өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы №171 Заңымен (13.04.2005ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)14.07.2007жылғы „Егемен Қазақстан„Республикалық газетінде жарияланды.
7) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-1) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау – мүгедектігі бар адамдардың бойында болмаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) мүгедектігі бар бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 433-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi; 
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары; 
Полная версия
ИС BestProfi