Близость слов: Окончание:





Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «кеден одағының», «Кеден одағының» сөздері «Еуразиялық экономикалық одақтың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 26.12.2017 жылғы № 124-VІ Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Редакция 03.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 14.01.2015 жылғы № 279-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша алынып тасталды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.01.2015 жылғы № 279-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2015 жылы № 223 (28701) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
2-тармақша өзгертілді ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 31.08.2022 жылдан бастап)
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР 14.01.2015 жылғы № 279-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша алынып тасталды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2015 жылы № 223 (28701) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;
5-тармақша өзгертілді ҚР 14.01.2015 жылғы № 279-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2015 жылы № 223 (28701) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша өзгертілді ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 31.08.2022 жылдан бастап)
5-1) нысаналы энергия аудиті – ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.01.2015 жылғы № 279-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2015 жылы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 352-VI Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 31.08.2022 жылдан бастап)
5-2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес (өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-3) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
1-бап 5-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес (өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) терможаңғырту – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;
7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
8-1) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес (өзгерту 31.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) энергетикалық аудитор (бұдан әрі – энергия аудиторы) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес (өзгерту энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi