Близость слов: Окончание:





Ғарыш қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба – қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ғарыш айлағы – ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары – ғарыш жүйелерін құруды, пайдалануды және дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) ғарыш жүйесі – ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;
4-1) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану – конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстап тұру мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) ғарыш зымыран кешені – ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
6) ғарыш кеңістігі — әуе кеңістігінен тыс жайылған кеңістік;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) ғарыш қызметi – ғылыми, экономикалық, экологиялық, қорғаныс, ақпараттық және коммерциялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға бағытталған қызмет;
8) ғарыш қызметіне қатысушылар – осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
9) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) ғарыш қызметі саласындағы қосарлы мақсаттағы жоба – әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін іске асырылатын ғарыш қызметі саласындағы жоба;
11) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган – ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) ғарыш объектісi – ғарыш аппараты және (немесе) оны ғарыш кеңістігіне шығару құралы және олардың құрамдас бөліктері;
Полная версия
ИС BestProfi