Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі (бұдан әрі – электрондық кезек жүйесі) – автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын броньдауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) арнаулы құралдар – құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар;
2-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
1-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету – пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;
2-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі;
3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау әдісімен теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уәкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр техникалық құралдар);
4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі – аумақтық сулар) – халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бастапқы сызықтардан бастап өлшенетін, ені он бес теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын және сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылатын теңіз белдеуі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;
2-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және су түбі мен жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да құқыққа сыйымды шаруашылық-экономикалық қызметке егеменді құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауының учаскесі (Каспий теңізінің қазақстандық секторы);
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғау (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі;
9) Қазақстан Республикасының ішкі сулары (бұдан әрі – ішкі сулар) – Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі, ол:
9-тармақша өзгертілді ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша айқындайды;
55-бап 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-3) жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды;
55-бап 10-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді;
12) қазақстандық кемелердің ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
55-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 12-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген ұсынуы бойынша шекаралық режимге кіретін жекелеген шектеулердің қолданысы алып тасталуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін белгілейді;
14) өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді;
15) шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін айқындайды;
16) аумақтық сулардағы теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақша алынып тасталды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18) шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
56-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында, континенттік қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекетін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттарды және материалдарды дайындауға қатысады;
6) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия