«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 111 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес «Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 22.01.2015 жылғы № 33 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
2. Магистральдық газ құбырына техникалық қызмет көрсету
1. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі
Жалпы талаптар
2. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде газдың жобалық немесе жоспарлы көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз етеді:
1) тазарту құрылғыларын жіберу немесе қажет болған жағдайда диаметріне қарай үрлеу арқылы қуысты қатты және жұмсақ қоспалардан тазарту;
2) кристалгидраттардың түзілуін немесе қажет болған жағдайда олардың бұзылуын болдырмау мақсатында құбыр қуысына метанол енгізу;
3) ішкі жағында тоттануды болдырмау мақсатында газ құбырының қуысына тоттану ингибиторын енгізу;
4) көптармақты жүйелерде немесе қиылысушы газ құбырларында жекелеген құбырлар арасына газ жіберу;
5) қажет болған жағдайда газ құбырларының жекелеген учаскелерін ажырату немесе қосу;
6) әртүрлі жұмыс қысымымен газды жүйеден жүйеге жіберу.
3. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігі мына шаралармен қамтамасыз етіледі:
Полная версия