Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 Өкімі
Редакция 26.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес құрамы бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 03.12.2004 жылғы № 513 Өкімімен (27.01.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
№ 303 өкімімен БЕКІТІЛГЕН
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2002 жылғы № 354 Өкімімен (19.02.2002 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2003 жылғы № 374 Өкімімен (13.11.2002 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2004 жылғы № 443 Өкімімен (11.04.2003 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.12.2004 жылғы № 1504 Жарлығымен ( 03.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.11.2005 жылғы № 575 Өкімімен (15.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 24.02.2006 жылғы № 26 Өкімімен (11.11.2005 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 05.02.2007 жылғы № 94 Өкімімен (24.02.2006 ж. редакцияны қараңыз) 
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 03.07.2007 жылғы № 137 Өкімімен (05.02.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2007 жылғы № 156 Өкімімен (03.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.11.2007 жылғы № 449 Жарлығымен (17.09.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (28.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.11.2008 жылғы № 689 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.12.2008 жылғы № 286 Өкімімен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.05.2009 жылғы № 815 Жарлығымен (22.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2009 жылғы № 907 Жарлығымен (22.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.09.2010 жылғы № 1060 Жарлығымен (28.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.05.2011 жылғы № 78 Жарлығымен (12.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің  13.03.2012 жылғы № 284 Жарлығымен (13.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің  13.11.2012 жылғы № 427 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 23.10.2013 жылғы № 676 Жарлығымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (23.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Дербес құрамның атауы өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2018 жылғы № 701 Жарлығымен (21.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 06.09.2019 жылғы № 149 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.11.2020 жылғы № 450 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2021 жылғы № 608 Жарлығы​на сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2023 жылғы № 384 Жарлығымен (29.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.08.2025 жылғы № 975 Жарлығымен (20.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Кеңес төрағасы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры (келісім бойынша)
Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы (келісім бойынша)
Жалаири Өмірәлі Шақарапұлы - Д.А. Қонаев атындағы университеттің ректоры (келісім бойынша)
Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
N 303 өкімімен
бекітілген
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;
2) құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу, жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық сала мен мемлекеттік құрылыстағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3) стратегиялық міндеттерді айқындау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
4) заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, неғұрлым маңызды заң жобаларының тұжырымдамасын айқындау;
5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы хабардар ету.
Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың осы саладағы норма түзушілік және құқық қолданушылық қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруге;
мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына бақылауды күшейту;
Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының жауаптылығы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;
3) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ұжымдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге;
4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;
5) норма түзушілік және құқық қолданушылық проблемаларын талдау мен зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға, неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;
7) қылмыстық қолсұғушылық пен құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалған құқық тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 15.12.2004 жылғы № 1504 Жарлығымен (03.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 11.11.2005 жылғы № 575 Өкімімен (15.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 05.02.2007 жылғы № 94 Өкімімен (24.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (28.11.2007 ж. редакцияны қараңыз) 
4-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 284 Жарлығымен (13.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңеске басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.
Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.
Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер, егер отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің немесе шақырылған адамдардың, олар бойынша қарсылықтары болмаса, оларды талдаудан кейін қабылданады. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оларға төраға қол қояды және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығаруға бастамашылық ету жолымен іске асырылуы мүмкін.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол Кеңес отырыстарына хаттамалар мен басқа да қажетті материалдар дайындайды және белгіленген тәртіппен Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi