Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1299 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
"Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2015 жылғы № 266 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1299 қаулысымен
бекітілген
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесі
1. Осы Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды анықтау және өтемді негізде алып қою жөніндегі алдын алу іс-шараларының тиімділігін арттыру, жұмысты жетілдіру мақсатында әзірленді.
2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қару - конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар;
2) атыс қаруы - оқ дәрі немесе өзге де заряд қуатының әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;
3) оқ-дәрі (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар;
4) жарылғыш зат - сыртқы әсер етудің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөле отырып және газдың пайда болуымен өздігінен жылдам таралатын химиялық өзгеруге қабілетті зат.
3. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар осы Ереженің 17-тармағында белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы алады.
4. Атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өтемді тапсыруға шығыстарды қаржыландыру осы мақсаттар үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
5. Ерікті түрде тапсырылған барлық атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар заңнамада белгіленген тәртіппен кәдеге жаратуға жатады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2013 жылғы № 370 Қаулысымен (26.12.2007 ж редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Антикварлық қару (орталық соққыдағы біртұтас патрондармен атуға арналып жасалған атыс қаруынан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) және мәдени құндылығы бар қару комиссияның шешімі бойынша Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің заттай коллекцияларына немесе мұражайларына берілуі мүмкін.
2. Атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды тапсыру және тіркеу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi