"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.11.2019
Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.11.2019 жылғы № 832 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2019 жылғы № 637 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы N 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 70 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 қаулысымен бекітілген
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2009 № 296 Қаулысымен (16.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 № 613 Қаулысымен (13.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.05.2011 № 565 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2012 № 1289 Қаулысымен (24.05.2011] жылғы редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2014 жылғы № 1062 Қаулысымен (11.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 301 Қаулысымен (08.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылмайтын әскери мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін реттейді.
2. Әскери мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қорда сақтаудың кепілдендірілген мерзімін өткерген болып танылады.
3. Мемлекеттік орган басшысының шешіміне сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларынан шығарылған қару-жарақ қаруланудан шығарылған әскери мүлік болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларына сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған әскери мүлік болып табылады.
5. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларында көзделген шектен артық, ол балансында тұрған мемлекеттік мекемеге қажеттілігі жоқ әскери мүліктің бір бөлігі артық мүлік болып табылады.
6. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын әскери мүлік тізбелерін заңнамамен белгіленген негізде және шектерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды.
Полная версия