Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2019
Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 тамыз N 1039
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2008 № 687 Қаулысымен (07.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2008 № 687 Қаулысымен (07.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2017 жылғы № 173 Қаулысымен (24.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2019 жылғы № 637 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2008 № 687, 24.05.2011 № 565 Қаулыларымен (07.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын.  
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары өкілдерінің Комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін.  
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 24.05.2011 № 565 Қаулысымен. (24.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2008 № 687, 24.11.2009 № 1920 Қаулыларымен (07.08.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.04.2017 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес (24.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектілерін және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму, жалға беру және өткізу арқылы жою;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (06.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін кәдеге жарату;
5-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-2) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (экспорттау);
5-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 724 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның экспорты;  
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы бөліктерінің және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның импорты.
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:  
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1140 қаулысы;  
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi