Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
3. "Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы N 1039 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
тақырыбындағы "Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 
кіріспедегі "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; 
1-тармақтағы "пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке" деген сөздер "қару-жарақтан басқа, пайдаланылмайтын әскери мүлікке" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"өзге де" деген сөздерден кейін "пайдаланылмайтын" деген сөзбен толықтырылсын; 
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылмайтын" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы N 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 70 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 16 шілдедегі
 N 687 қаулысымен
 бекітілген
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі
Полная версия
ИС BestProfi