Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 565 Қаулысы       
Редакция 06.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 24 мамырдағы
 № 565 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2019 жылғы № 637 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінде:
2-тармақтағы «1995 жылғы 26 желтоқсандағы» деген сөздер «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетімен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 765 Қаулысымен (24.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.11.2019 жылғы  № 832 Қаулысына сәйкес (29.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi