Близость слов: Окончание:





Қазақстанның Даму Банкі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-II Заңы
Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
1-бап өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрi - Даму Банкi) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-тарау 1-1-баппен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банкаралық кредит беру – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және бейрезидент банктеріне кредиттер беру;
2) жоба – инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік операция;
3) инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жоба;
4) кредиттік құрал – Меморандумда айқындалған, Даму Банкінің қарыз алушыны қаржыландыру тәсілдері;
5) қайта құрылымдау – Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді бұзған қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалар іске асыратын инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені, бұл сыйақыларды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастауды және (немесе) қарыз алушының айналым капиталын қаржыландыруды немесе қайта қаржыландыруды және (немесе) Даму Банкінің талап ету құқықтарын қарыз алушыға беруді және (немесе) қарыз алушының жарғылық капиталына Даму Банкінің кіруін және (немесе) қарыз алушыға субсидияланған қарыз беруді және (немесе) инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге ықпал ететін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін;
6) қарыз алушы – Даму Банкінен қарыз алған заңды тұлға;
7) мезониндік қаржыландыру – қарыз алушының акцияларына немесе капиталға қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен реттелген қарыз беру;
8) Меморандум – осы Заңның 1-бабында көрсетілген ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму Банкінің кредит саясаты туралы меморандумы;
9) синдикатталған қарыз – Даму Банкі синдикаттың басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, бір банктік қарыз шарты негізінде жүзеге асыратын қарыз операциясы, бұл ретте банктік қарыз шарты бойынша синдикат қатысушыларының мүдделерін білдіру, сондай-ақ қарыз бойынша кредиттік әкімшілендіру синдикат қатысушыларының біреуіне тапсырылуы мүмкін;
10) субсидияланған қарыз – қаржыландырылу құны кредиттік құралдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу үшін Даму Банкі белгілейтін қарыз алу құнынан төмен белгіленетін қарыз. Субсидияланған қарыздар бойынша өлшемдер Меморандумда белгіленеді;
11) экспорттық операциялар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шығарылатын өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Полная версия
ИС BestProfi