Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63-III Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес Құжат мәтініндегі «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» сөздері «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық Заңымен бойынша (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді). Құжат мәтініндегі «мүгедек баланы», «мүгедек балаларды», «Мүгедек баланы», «мүгедек бала», «мүгедек балаға», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар балаларды», «Мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 19.12.2007 жылғы № 9-IV Заңымен (28.06.2005 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 02.12.2009 жылғы № 211-IV Заңымен (19.12.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңымен ( 02.12.2009 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1)балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап) 1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);
1-тармақша төртінші абзацпен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);
1-тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай , оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлемдер;
1-тармақшаның бесінші абзацы өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап) 1-тармақшаның алтыншы абзацы өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
2) жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
7)өтiнiш берушi- жәрдемақылар тағайындату үшін өтiнiш беретін адам;
7-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
9) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия

