«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 35) тармақшасына, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8420 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген
Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін белгілейді.
2. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүзеге асырады. Алматы қаласының аумағында қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органының болуы мемлекеттік тіркеудің міндетті талабы болып табылады.
Қаржы орталығының қатысушылары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылады.
3. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Ұлттық Банк:
1) қаржы орталығының қатысушыларын құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату фактісін растау;
2) құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметін тоқтатқан қаржы орталығының қатысушыларын есепке алу;
3) Қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу;
4) қаржы орталығының қатысушылары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) іске асыру мақсатында жүзеге асырады.
Қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді Ұлттық Банк жіберген хабарламалар негізінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі – БСН ұлттық тізілімі) әділет органдары енгізеді.
4. Ұлттық Банктің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң) 12-бабына сәйкес белгіленетін нысан бойынша беретін анықтамасы қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат болып табылады.
Полная версия