Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2015
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес
«Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.12.2014 жылғы № 598 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1325 қаулысымен
бекітілген
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.04.2013 жылғы № 402 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
Салық төлеушінің атауы ________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
Тіркелген күні ________________________________________________
Құрылған күні _________________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi