Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 72 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8409 тіркелді
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 81 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7470 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 72 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31  тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңның 8-1-бабының 1-тармағына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі - банктер) олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты жеке тұлғаларға мынадай талаптардың бірі орындалған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;
жеке тұлғаның қаржылық жай-күйі «тұрақты» деп жіктелген жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012  жылғы 24  ақпандағы № 80 қаулысында (бұдан әрі - № 80 қаулы) белгіленген мөлшерден аспайтын, барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жалпы көлемінің шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
2. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағыныңталаптарының біріне сәйкес келетін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) мынадай талаптардың бірі орындалған:
мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;
заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі «тұрақты» деп жіктелген жағдайда № 80 қаулыда белгіленген мөлшерден аспайтын, барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жалпы көлемінің шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
Үшінші абзац жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты, Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағыныңталаптарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) мынадай талаптардың бірі орындалған:
мөлшері мен түрі Талаптарда белгіленетін тиісті қамтамасыз ету болған;
заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі «тұрақты» деп жіктелген жағдайда банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
Үшінші абзац жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Талаптардың мақсаттары үшін тиісті қамтамасыз ету деп:
1) құны қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің кемінде 90 (тоқсан) пайызын өтейтін, Талаптарға қосымшада көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз ету;
2) қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің жалпы алғанда кемінде 100 (жүз) пайызын өтейтін:
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымдар шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз ету түсініледі.
Тиісті қамтамасыз ету ретінде қамтамасыз ету құны қарыз алушының актив бойынша міндеттемелерінің кемінде 130 (жүз отыз) пайызын өтейтін жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз ету қабылданады.
5. Осы Талаптардың мақсаттары үшін тұрақты қаржылық жай-күй деп мыналар түсініледі:
1) кредитті беру сәтінде бағаланған кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарыз алушы (тең қарыз алушы) - жеке тұлғаға қатысты:
қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін бағалау қарыз, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тұрақты және уақтылы төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан жүргізіледі, қарыз алушы (тең қарыз алушы) өзінің кірістері мен шығыстарының, төлем қабілеттілігінің талдауына және оның кредиттік тарихына сәйкес қарызды, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын уақтылы және толық көлемде өтеуге қабілетті;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) кредитті өтеуге, тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны төлеуге, сондай-ақ сатып алу-сату және ипотекалық тұрғын үй қарызын беру жөнінде мәмілелер жасаумен байланысты шығыстарды өтеу үшін қажетті қолма-қол ақшасының жеткіліктілігі;
қарыз алушы (тең қарыз алушы) білімінің деңгейі, кәсіби тәжірибесі, экономиканың тұрақты дамудағы және әлеуетті рентабельді секторындағы жүйелі жұмыспен қамтылғандығы клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы жиынтық кірістерінің сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) ай сайынғы міндеттемелерінің (қарыз, мүлік салықтары бойынша ай сайынғы төлемдерді, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, жеке сақтандыру, шарт бойынша жауапкершілік бойынша ай сайынғы төлемдерді, шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) жалпы сомасының арақатынасы:
кредитті беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту сәтінде қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қырық айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін болғанда 40 (қырық) пайыздан;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 40-тан (қырықтан) 65 (алпыс бес) АЕК-ке дейін болғанда 50 (елу) пайыздан;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 65-тен (алпыс бестен) 90 (тоқсан) АЕК-ке дейін болғанда 60 (алпыс) пайыздан;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері 90 (тоқсан) АЕК-тен астам болғанда, егер осы көрсеткіштерге сәйкес төлем жасаған кезде барлық міндеттемелер бойынша қарыз алушы (тең қарыз алушы) отбасының әрбір мүшесіне келетін кіріс Астана мен Алматы қалаларындағы кірістің кемінде 15 (он бес) АЕК, басқа өңірлердегі кірістің кемінде 10 (он) АЕК, жасы 15-ке (он беске) толмаған балалар үшін - көрсетілген мөлшерлердің кемінде жартысы болған жағдайда 70 (жетпіс) пайыздан аспайды;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) - заңды тұлғаға, жеке тұлғаға қатысты:
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйі орнықты;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) төлем қабілеттілігі бар;
ақшалай ағындар борышқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді;
бизнесті дамытудың нарықтық талаптары қолайлы, нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;
ресурстарға және капитал нарығына еркін қолжетімділік, жеткізушілердің шектеулі санына тәуелділік жоқ, шарттың қолданылуы мерзімі ішінде қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін айтарлықтай нашарлататын сыртқы немесе ішкі факторлар анықталған жоқ;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банкпен өз міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) активтері мен міндеттемелері мерзімдері бойынша шамалас;
банкті басқару органы бекіткен және банктің ішкі қағидаларының ажырамас толықтыруы болып табылатын әдістемеге (әдістемелерге) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні қолайлы.
6. Әдістемені банк өз бетінше әзірлейді және қаржылық жай-күйді бағалау тәртібінен, әдісінен, кезеңділігінен, тәсілдерінен, қажетті құжаттардың тізбесінен және қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін өзге де ақпараттан тұрады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Әдістеме саланың ерекшеліктері, өндірістің маусымдылығы (циклділігі), қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қызмет саласы ескеріліп есептелген мынадай негізгі көрсеткіштерден тұрады, бірақ олармен шектелмейді:
төлем қабілеттілігі – қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банк Әдістемесінде белгіленген тиісті коэффиценттер жиынтығына қарай банк есептейтін өз міндеттемелеріне қызмет көрсету қабілетін ашады;
қаржылық орнықтылық – капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикада), рентабелділігін (динамикада), мерзімі өткен борыштардың жоқ екендігін (болуын), қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) капитал нарығына қолжетімділігін, банк Әдістемесінде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай банк есептейтін, қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық орнықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін басқа маңызды ақпараттың болуын ашады;
борышқа қызмет көрсету қабілеті, ақша ағыны қозғалысының болжамы;
дебиторлық-кредиттік берешектің құрамы мен динамикасы (соңғы есептік және ағымдағы жылдардың);
кредиттік тарих (бұрынғы кредиттік берешекті өтеу, қазіргі кредиттердің болуы);
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) банк конгломераттарына, сақтандыру топтарына, банк, сақтандыру холдингтеріне тиістілігі;
бір (бірнеше) жеткізушіге және (немесе) тапсырыс берушіге тәуелділік;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін қабылдайтын шаралар;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өзінің қаржылық жай-күйін нашарлатуы мүмкін сот талқылауларына тартылуы;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) нарықтық позициясын, оның экономикадағы циклдік және құрылымдық өзгерістерге тәуелділігін (саланың түрі, қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) дайындайтын (ұсынатын) тауарлардың (қызметтердің) тартымдылығын бағалау, осындай тауарлардың (қызметтердің) нарығы, қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қызметінің саласындағы бәсекелестік деңгейі, нақты нарықтағы қызметінің ұзақтығы) сипаттайтын өзге субъективтік факторлар.
7. Бас банк бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген «Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27  наурыздағы № 61 қаулысының талаптарына сәйкес келетін күмәнді және (немесе) үмітсіз активтер бойынша талаптар құқығы түріндегі қамтамасыз етуге ие еншілес ұйымдарына № 80 қаулыда белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 257 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
8. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысы жоқ және Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағыныңталаптарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
9. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері түсініледі.
Осы Қағидалар 9-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Екінші деңгейдегі банктердің
олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты
тұлғаларға және заңды тұлғаларға
 (Қазақстан Республикасының резиденттеріне
және резиденті еместерге)
банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін
беруі жөніндегі талаптарға
қосымша
Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтімділігі жоғары қамтамасыз етудің тізбесі
Өтімділігі жоғары қамтамасыз етудің тізбесіне:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің кепілдігі (кепілдемесі);
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
3) Standard & Poor's агенттігі берген «А» тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент емес банктердің кепілдігі (кепілдемесі);
4) Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың, оның ішінде резидент-банктердің кепілдігі (кепілдемесі);
5) Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
6) Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар;
8) Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің векселдері;
9) Standard & Poor's агенттігі берген «А» тобынан төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
10) Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
11) жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, шағын және орта бизнесті кредиттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кепілдігі (кепілдемесі);
12) жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг (білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде) болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдігі (кепілдемесі);
13) кредитор-банк депозитіндегі ақша және (немесе) банктің бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарында көрінетін, кредитор-банктегі қардар мәні болып табылатын ақша кепілі;
14) Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ» рейтингісінен төмен емес борыштық рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне қатысты бас банк болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің кепілдігі (кепілдемесі).
Полная версия
ИС BestProfi