Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жояды 2017 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
«Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2015 жылғы № 67 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2008 жылғы № 861 Қаулысымен (12.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2008 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 287 Қаулысымен (03.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2015 жылы № 95 (28573) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2012 жылғы № 1320 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;
егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесі;