Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511 Қаулысы
Осы редакция 18.03.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандары: 
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт; 
тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;  
уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акт; 
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт; 
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 351-құжат);
2) "Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 990  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 404-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi