Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2008 № 262 Қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы редакция 24.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандары: 
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт; 
тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт;  
уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акт; 
уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт; 
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2008 № 262 Қаулысымен. (06.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 351-құжат);
2) "Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 990  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 404-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi