Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 600 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесінде:
18-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
22-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын.
2. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:
21-тармақтың 1 тармақшасының бірінші абзацында «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:
24-тармақтың 2) тармақшасында «статистика жөніндегі» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия