Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 Қаулысы
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен:
1) «Атом энергиясы институты», Курчатов қаласы;
2) «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты», Курчатов қаласы;
3) «Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», Алматы қаласы;
4) «Байкал», Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:
1) «Ядролық физика институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
2) «Геофизикалық зерттеулер институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
4. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау, атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 қарашадағы
 № 1433 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (26.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.02.2013 № 186 қаулысымен. (12.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 қарашадағы
 № 1433 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 9 шілдедегі
 № 926 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Полная версия
ИС BestProfi