Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 1447 Қаулысы
2. «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Ішкі әскерлер органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полицияның, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Ішкі әскерлердің, әскери полицияның және әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:
Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі және Алматы облысы Ішкі істер департаменті 4-бөлімі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
5. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 5-бөлімі Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Курчатов қаласының полиция бөліміне қосылу жолымен.