Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 жылғы № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (03.08.2011 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен; (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 тамыздағы
 № 900 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 тамыздағы
 № 900 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2011 № 1003 Қаулысымен (02.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(03.08.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 тамыздағы
 № 900 қаулысына
 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағына берілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Полная версия
ИС BestProfi