«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2017
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2016 жылғы № 668 Қаулысына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.03.2017 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2016 жылғы № 668 Қаулысына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2016 жылғы № 668 Қаулысына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 749 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 776 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2014 жылғы № 750 Қаулысымен (18.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 860 Қаулысымен (30.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2016 жылғы № 668 Қаулысына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз | Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы |
Әзірлеу және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Мақсаты | Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау |
Міндеттері | 1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру. 2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру: 1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; 2) астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру; 3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ) үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру; 4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; 5) ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; 6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; 7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру; 8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру. 3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту: 1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; 2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту. 4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру: 1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру; 2) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалаудың тиімділігін арттыру; 3) ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру; 4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту; 5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту; 6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру; 7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау; 8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту; 9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. |
Іске асыру мерзімі | 2013 – 2017 жылдар |
Нысаналы индикаторлар | 1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2017 жылы 3,6 есе ұлғайту; 2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге кемінде 9 жылға ұзарту; 3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 – 2017 жылдары 1,1 трлн. теңгеге дейін болады; 4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2017 жылы 0,94 % болады; 5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2017 жылы 0,27 % болады; 6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі 2015 жылы 62 % болады. |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері | «Бағдарламаны 2013 – 2017 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 2 102,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2013 жылы – 339,7 млрд. теңге 2014 жылы – 466,0 млрд. теңге* 2015 жылы – 543,2 млрд. теңге* 2016 жылы – 356,7 млрд. теңге 2017 жылы – 396,7 млрд. теңге |
* – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады. |
2. Кіріспе
ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-сінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуі орын алды.
2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5,1 %-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өнімділігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9,3 % орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылдық жерлерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан әрі – КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіреді деп жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмеуі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Бұл факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, мұның өзі ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының үстем болуына, жергілікті өндірушілердің өткізу нарықтарынан ығыстырылуына әкелуі мүмкін.
Ел халқының көбеюі орын алуда, тиісінше азық-түлік өнімдерін тұтыну қарқынды өсіп, тұтыну құрылымы неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруде. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Полная версия