1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын icкe асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын icкe асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1256 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Kәpiм Қажымқанұлы төраға»
«Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрі»
«Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Бақытжан Әбдірұлы және сауда министрі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Cepiк Нығметұлы төраға»
«Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі»
«Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы және сауда министpi».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия