"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы N 962 Қаулысы
Редакция 19.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) қосу жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
2. Мыналар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.
3. "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды;
2) Қор Жарғысын бекітуді;
3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. "Kazakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін "Kasakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.07.2009 жылғы № 1148 Қаулысымен (27.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып, Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар – 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.
Осы Қаулы 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 857 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) он күн мерзімде - Қор қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
2) бір апта мерзімде - жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 1-қосымша
Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Р/с N |
Атауы | Акциялардың мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) |
1 | 2 | 3 |
1 | "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
2 | "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
3 | "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
4 | "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
5 | "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
6 | "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
7 | "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
8 | "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 100% |
9 | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы | 91% |
10 | "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы | 88,7 % |
11 | "Kazakhmys PLC" (Ұлыбритания) | 14,99 % |
12 | "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" (Ұлыбритания) | 11,65% |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 2-қосымша
Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 21-70, 21-71 және 21-85-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-109-жолмен толықтырылсын:
"21-109. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ";
"Алматы облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 38-4-жол ("Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 133-5-жол алып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 165-14-жол алып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 229-10-жол ("Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын;
"Маңғыстау облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 236-8-жол алып тасталсын;
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 298-жол ("Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 217-8 және 217-9-жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 237-19, 237-26, 237-27, 237-28, 237-29, 237-30, 237-31 және 237-32-жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 268-3-жол алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы" және "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы" деген жолдар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 4-қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2009 жылғы № 785 Қаулысымен (17.10.2008 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2010 жылғы № 201 Қаулысымен (27.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.04.2011 жылғы № 410 Қаулысымен (15.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2011 жылғы № 1600 Қаулысымен (12.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.02.2012 жылғы № 194 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2012 жылғы № 1256 Қаулысымен (02.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1493 Қаулысымен (04.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1113 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2016 жылғы № 294 Қаулысымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 551 Қаулысымен (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 14 Қаулысымен (29.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2018 жылғы № 16 Қаулысымен (25.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2018 жылғы № 144 Қаулысымен (16.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.11.2018 жылғы № 734 Қаулысымен (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 822 Қаулысымен (09.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.03.2019 жылғы № 91 Қаулысымен (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 156 Қаулысымен (07.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.12.2019 жылғы № 907 Қаулысымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1058 Қаулысымен (06.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2020 жылғы № 202 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қосымша өзгертілді ҚР 09.07.2020 жылғы № 431 Қаулысымен (14.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2021 жылғы № 403 Қаулысымен (09.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысымен (11.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2022 жылғы № 457 Қаулысымен (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.01.2023 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 700 Қаулысымен (16.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 857 Қаулысымен (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз) 4-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2024 жылғы № 489 Қаулысымен (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз) 4-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2024 жылғы № 872 Қаулысымен (21.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі |
– |
Директорлар кеңесінің төрағасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі |
– |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
– |
Директорлар кеңесінің мүшесі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы |
– |
тәуелсіз директор |
Лука Сутера |
– |
тәуелсіз директор |
Мұхаммед Жәмил әл Рамахи |
– |
тәуелсіз директор |
Вонг Хэн Файн | - | тәуелсіз директор |
Полная версия