Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 1541 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік органдар қызметін одан әрі реттеу және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті" және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі оны "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен;
3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қызметінің негізгі мәні медициналық қызметтерді сатып алуды және тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету кезінде оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті қызметінің негізгі мәні медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасы айналысы салаларында бақылау жүргізу болып белгіленсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 899 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, N 35, 384-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 944 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, N 38, 440-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 7 қазандағы
 N 1541 қаулысына
 1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi