Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2014
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 01.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасының кемелерiне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (11.01.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) мына мекенжай бойынша ұсынады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.
Полная версия
ИС BestProfi