Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеті кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 Қаулысы
Осы редакция 07.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын; ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдері мен шикізаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірлері 133 және 135-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 136-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»;
мынадай мазмұндағы 136-1 жолмен толықтырылсын:
«136-1. «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып, (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру»;
2-бағанда:
Полная версия